АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Террорға қарсы орталығының ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының кезекті мәжілісінде 2011 жылы болатын 7-ші Азия ойындарын өткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.
Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.
«Комиссия жұмысына Президент Әкімшілігінің, республикалық министрліктер мен ведомстволардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты. Мәжіліске қатысушылар Азия ойындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ведомствоаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша тиісті хаттамалық шешім қабылдады», делінген баспасөз баянында.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.