Н.Әбіқаев Елбасына ведомствоның қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жұмысының негізгі міндеттері туралы баяндады.
Кездесу барысында халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы тиімді іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар мемлекеттік шекараны нығайтуға бағытталған шараларға да ерекше көңіл бөлінді.
Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.