Н.Әбіқаев Президентті Комитеттің ағымдағы қызметі мен алдағы кезеңге арналған жұмыстарының басым бағыттарынан хабардар етті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шаралар туралы сөз болды.