ҰҚК ведомствоның құпия қызметтерінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде жарияланған видеороликте Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз қызметінің негізгі бағыттары туралы мәліметтерді көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Еске сала кетейік, 1992 жылы шілденің 13-і күні Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органының тарихы осы күннен бастау алады.

Видеоролик Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына орай түсірілген.