2017 жылдың 23 тамызында жедел іс-шара жүргізу барысында Астана-Ыстанбұл бағытындағы халықаралық рейстің жолаушылары мен жүктерін тіркеу кезінде ҰҚК қызметкерлері Қазақстан Республикасынан Түркия Республикасына 950-996 сынамалы жалпы салмағы 4 келі 900 грамм болатын алтын құйма түріндегі контрабандалық тауарды алып өту қылмысын әшкереледі.
Қылмысты әуежай қызметкері жасаған. Ол ішкі белбеуіне салынған контрабандалық затты бақылау және рәсімдеу аймағынан өтіп, шекарадан алып шыққан. Қазір қылмыстық іс тергелуде.