«Үкіметтің келесі жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарында 16 заң жобасын әзірлеу көзделген. Оның 8-і Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. Сондай-ақ Парламентке 4 жеке заң жобасын енгізу жоспарланып отыр. Солардың ішінде Цифрлық кодекстің жобасын ерекше атап өткім келеді. Онда отандық және үздік әлемдік тәжірибе ескеріліп, цифрландыру саласындағы бірыңғай тәсілдер айқындалады», - деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
Осыдан кейін Министрлер кабинеті ұсынылған жоспар жобасын мақұлдады.
«Үкімет Аппараты оны Мемлекет басшысының келісуіне енгізуді қамтамасыз етсін», - деп атап өтті Премьер-Министр.