Үкімет АҚШ-та Қазақстан экспортына белгіленген баждың салдарын есептеп жатыр - СІМ
АСТАНА. KAZINFORM – Мәжілістің жалпы отырысының алдында Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров АҚШ-та Қазақстан экспортына белгіленген баж туралы пікір білдірді.
- Біз бұл мәселені зерделеп жатырмыз. Өйткен баждың жаңа мөлшерін енді ғана енгізді. Қателеспесем, 27 пайыз болды ғой деймін (Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын тауарларға – ред.). Сондықтан қазір Үкіметте талқыланып жатыр, есептеп жатырмыз, - деді Әлібек Қуантыров.
Теңге АҚШ-тың баж салығына қалай әрекет еткенін жазған болатынбыз.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанды қоса алғанда 185 елден келетін тауарға жаңа баж салығы енгізілетінін мәлімдеді. Осыған орай қаржы сарапшылары Андрей Чеботарев пен Расул Рысмамбетов еліміздің экономикасына оның қандай салдары болуы мүмкін екеніне қатысты ойларымен бөлісті.