Мемлекет басшысының биылғы ауа райы қолайсыздығынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қажетті қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында мынадай шара қабылдау ұсынылды:
— форвардтық сатып алу аясында «Азық-түлік корпорациясының» сатып алу бағасын 3 класты бидай үшін 120 мың теңге және 4 класты бидай үшін 105 мың теңге мөлшерінде белгілеу;
— форвардтық сатып алу және тауарлық несие бойынша фермерге міндеттемелерді айыппұл төлемдерінсіз ақшалай қаражат арқылы немесе 1,05%не 5% коэффициент бойынша 3 класты бидайды 4 класқа ауыстыру арқылы орындауға мүмкіндік беру;
— міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін банк сыйақысын 3% көлемінде өтей отырып, шартты орындау мерзімін 1 жылға ұзартуға мүмкіндік беру.
Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссия мүшелері ұсынылған шараларды қолдады.
Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету жөніндегі жұмысты дереу бастауды тапсырды.