«Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері өңір әкімдіктерімен бірге жылу көздері мен желілеріне жөндеу жұмыстарының уақытылы әрі сапалы жүргізілуіне бақылауды күшейтсін. Екіншіден, аталған екі министрлік пен өңір әкімдіктері 1 қыркүйекке дейін барлық жылу-электр орталықтары мен қазандықтарын отынмен қамтамасыз етсін. Үшіншіден, 15 қыркүйекке дейін орталық, солтүстік және шығыс өңірлерде, ал қалған өңірлерде 15 қазанға дейін барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жаңа жылыту маусымына толық дайындығын қамтамасыз етіңіздер», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Бұған дейін Премьер-Министр жылу объектілерін жөндеу жұмыстары мерзімінен кешігіп жатқанын сынға алған еді.
Өз кезегінде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылыту маусымына дайындықты әлі бастамаған кәсіпорындарды атады.