Министрліктің баспасөз қызметінің хабаралуынша, қазан айында жоспарланған жөндеу кезеңінде өндіріс көлемін айтарлықтай қысқарту жоспарлануда. Осы кезеңде біз жыл басынан бері жинақталған артық өндірістің айтарлықтай көлемін өтеуді жоспарлап отырмыз.
Бұл ОПЕК Бас хатшысы Хайтам әл-Гайстың жақында болған сапары (26 тамыз) және ОПЕК хатшылығы ұйымдастырған талдау агенттіктерімен кездесуі кезінде атап өтілді.
Қазақстан ОПЕК+ келісіміне өзінің адалдығын растайды және Келісімнің әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін түсінеді.
«Қазақстан өз міндеттемелерін толық орындау және ОПЕК хатшылығына ұсынылған өтемақы жоспарын орындау бойынша шаралар қабылдауда»,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Қашағанда жөндеу жұмысын кейінге қалдыру жөнінде нақты шешім қабылданбағаны туралы жазған едік.