- Деректерді өңдеу орталықтарын салу бойынша ауқымды жоспарларға байланысты Ұлттық жобаға қуаты шамамен 7,6 ГВт болатын пысықтаудан өткен жобалар, сондай-ақ энергияның жеткілікті көлемін қамтамасыз ету үшін қосымша көмір генерациясы жобалары енгізілетін болады, - деді О. Бектенов.
Сонымен қатар ол «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында 11 мың шақырым электр желілерін, 208 шақырым жылу желілерін, 308 шақырым су құбырларын және 152 шақырым кәріз желілерін жөндеу жүзеге асатынын айтты.
- Биыл 1 трлн теңге игеріледі, оның басым бөлігі бюджеттен тыс қаражат есебінен қамтамасыз етіледі, - Үкімет басшысы.
Осыған дейін Премьер-министр үш ЖЭО құрылысы жоспарланған мерзімде аяқталатынын айтты.