Үкіметте энергия өндіруші ұйымдардың газ үшін берешегін өтеу бойынша мәселелері қаралды

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жеткізілген табиғи газ үшін «QazaqGaz Aimaq» АҚ алдында энергия өндіруші ұйымдардың берешегін төмендету мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Үкімет

Кеңес барысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов берешектің ағымдағы жағдайы, газ үшін уақытылы есеп айырысуды, энергия өндіруші ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Кеңеске қатысушылар тарифтік саясат мәселелерін, жинақталған берешекті өтеу бойынша нақты шараларды талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлердің әкімдіктері мен энергетикалық кәсіпорындарға жеткізілген газ үшін берешекті ағымдағы жылдың соңына дейін өтеуді, оның алдағы уақытта жинақталуына жол бермеуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Фото: Үкімет
Фото: Үкімет