Үкіметтің борышы 24,9 трлн теңгеге жеткен – Әлихан Смайылов

АСТАНА. KAZINFORM –  Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтік борыштардың артқанына алаңдаушылық білдірді.

Фото: primeminister.kz

«Қазір мемлекеттік борыш қауіпсіз шекте болғанымен, Үкіметтің борыштық міндеттемелері биыл қаңтар айындағы жағдай бойынша 24,9 трлн теңге болды. 2024-2025 жылдары өткен онжылдықта тартылған қарыздарды қайтару бойынша бюджетке ең жоғары жүктеме түсіп отыр. 2023 жылы қарыздарды өтеуге және қызмет көрсетуге Ұлттық қордың трансферттерін есепке алмағанда, бюджет кірістерінің 28%-ы немесе барлық шығысының 19%-ы жіберілді», - деді ол.

Жоғары аудиторлық палата басшысы мемлекеттік және квазимемлекеттік борыштың жай-күйі туралы ақпаратты ашығырақ көрсету керек екенін айтты.

Еске салсақ, Әлихан Смайылов биылғы 5 ақпанға дейін Үкіметке жетекшілік еткен еді.