АСТАНА. KAZINFORM – Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 7 ақпан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін айтты.
«Үкіметтің кеңейтілген отырысы 7 ақпанда өтеді», - деп нақтылады М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, Үкімет жұмысына, министрлер қызметіне қатысты баға кеңейтілген отырыс барысында қаралады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.