Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.

- Бірінші кезекте Премьер-министр Олжас Бектенов баяндама жасайды. Еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және Үкіметтің биылға арналған жоспары туралы айтады. Цифрландыру үдерісі және жасанды интеллектіні енгізу мәселесіне Премьер-министрдің орынбасары Жаслан Мәдиев тоқталады. Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясаты және инфляцияны төмендету шаралары туралы баяндайды, - деді кеңейтілген отырысты ашқан Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.