Джамала - украин опералық және джаз әншісі. Ол 2009 жылы Юрмалада өткен «Жаңа толқын» жас орындаушылардың халықаралық конкурсында гран-приді жеңіп алып, танымал болған еді.
Ресей атынан әнші Сергей Лазарев You Are the Only One ("Ты - единственная") әнімен 18-ші нөмірмен шығып, үшінші орынға ие болды. Екінші орын Австралия әншісі Дэми Имге бұйырды.