17:12, 01 Сәуір 2009
Украин президентінің сайлауы биылғы күзде өтеді
МӘСКЕУ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат – Жоғарғы Рада Украин президентінің кезекті сайлауын 2009 жылғы қазанның 25-іне тағайындады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Утро.ру» агенттігіне сілтеме жасап. Осы қаулыға Жоғарғы Раданың 401 халық депутаты дауыс берді.