Украина әскерге шақыртудан бас тартпақ

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Украина келесі жылдан бастап қарулы күштер қатарына міндетті шақыртуды тоқтатпақ ниетте. Бұл туралы елдің қорғаныс министрі Павел Лебедев РБК журналистеріне хабарлап отыр.

Министр ендігі жылы Украина армиясын елеулі өзгерістер күтіп тұр деп атап өтті. «Әскерге шақыртуды тоқтата тұру жөніндегі шешім - бұл келісім-шарт бойынша борышын өтейтін кәсіби әскер жолындағы маңызды қадам» деп тоқталды ол.

Соңғы шақырту 2013 жылдың күзінде жүзеге асырылады деп күтілуде.

Келісім-шарт бойынша қызмет ететін армия Виктор Януковичтің сайлауалды кампаниясының маңызды мәселесі болатын. Алайда, бүгінге дейін Киевте мұндай көлемдегі реформаға дайын емес екендігін алға тартып келген еді.