Украина әуе кеңістігін жабуына байланысты Қазақстанда жедел желі іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтатылуына байланысты жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

​«Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтатылуына байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында жолаушыларға кеңес беруге арналған жедел желі қызметін іске қосты. Телефон нөмірлері: 7 7172 798213, 7 7172 798215» делінген хабарламада.

Колл-орталық 2022 жылғы 5 наурызға дейін күн сайын сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді.