«Бүгін толық көлемде 101 сарапшы ұшақ құлаған орынға келді, сағат 11:25-тен баста ұшақ сынықтары шашыраған аумақтарда арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілуде», - деді Гройсман РИА Новости.
Малайзия премьер-министрі Наджиб Разактың айтуынша, Киевте қазір 68 малайзиялық полицейі бар топ тергеуге қатысуға әзір.
Соңғы уақытта апат орын алған аумақты бақылаған өзін-өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» басшылығы жұма күні апат мән-жайын тергеуге келген халықаралық топ мүшелерінің қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын тағы да мәлімдеді.
Куәгерлер апат аумағында атыстар мен жарылыстар дауысы жиі қайталанатынын айтады.
Malaysia Airlines компаниясының MH17 рейсі 17 шілдеде Украина шығысында апатқа ұшыраған болатын. Борттағы барлық 298 адам қаза тапты.