Украина делегациясы: Мені ҚР Президентін сайлаудың өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы таң қалдырды

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - "Мені ҚР Президентін сайлаудың өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы таң қалдырды", - деді Украина делегациясының өкілі, Украина Жоғары радасы аппаратының қызметкері Юрий Голуб. Ол пікірін бүгін елордада ұйымдастырылған брифинг барысында білдірді.

Таңертеңнен бері елордада ашылған 4 учаскеде болып, сайлау үрдісінің өткізілу барысымен жете танысқандығын атап өткен оның сөзіне қарағанда көзге ұрып, көңілге қаяу түсіретіндей ешқандай кемшіліктер байқалмаған. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары мен саяси партиялар тарабынан да ешқандай арыз түспеген.

«Біз басқа да шет елдердің байқаушыларымен әңгімелестік. Олар да айтарлықтай кемшіліктерді байқамағандықтарын айтады», - деді ол.