Ермактың мәліметінше, Рустем Умеров бастаған украин делегациясының Анкарада Президенттік кешенде өткен кездесуі баспасөз өкілдерінсіз өтті. Тараптар қауіпсіздік мәселелері мен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты талқылаған.
Киев Түркияға келіссөз алаңын ұсынғаны және дипломатиялық күш-жігерге қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ Украина делегациясы Түркия Президентінің аға кеңесшісі және Сыртқы істер министрімен кездескен.
Украин тарапы енді Ыстанбұлда Ресей делегациясымен келіссөздер өткізуге ниетті.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен Украина делегациялары арасындағы үшінші келіссөз раунды 23 шілде кешінде Ыстанбұлда өтеді деп мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар ол ресейлік делегацияның Ыстанбұлға жол тартқанын хабарлаған.