Жаңа заң жобасы жекелеген аймақтарда сотта, ауруханалар мен басқа да мекемелерде орыс тілін қолдануға рұқсат береді, деп жазады BAQ.kz .
Төбелес оппозициялық депутаттар мен президент Виктор Януковичтің партиясынан сайланған депутаттар арасында болды. Төбелесте оппозициялық партия депутаты Микола Петрук басынан соққы алып, ауруханаға түсті. Петруктың әріптестері оқиғаны тергеуді талап етіп отыр.
Украинада елдің орыс тілді шығыс және оңтүстік аймақтары мен украин тілінде сөйлейтін батыс аймақтарының арасында саяси бөлініс бар. Шығыс және оңтүстік аймақтары Виктор Януковичті қолдайды және Мәскеумен жақындасуды қалайды, ал батыс аймақтары НАТО-мен және Еуропа Одағымен тығыз байланыс орнатқанды қалайды.