Украина Еуро-2012 кезінде шылым шегуге тыйым салды

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Украинаның Жоғарғы Радасы Еуро-2012 аясындағы іс-шаралар барысында шылым шегуге, темекі өнімдерін сатуға және жарнамалауға тыйым салды.

«Украинада футбол бойынша 2012 жылғы Еуропа чемпионатының ақтық кезеңін ұйымдастыру және өткізу туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы заңға залда тіркелген 411 депутаттың 303-і дауыс берді. Өзгертулер жанкүйерлер мен спортшылардың денсаулығын қамтамасыз етуді және матчтарды тамашалау барысында жайлы атмосфераны қалыптастыруды көздейді.

Заңға сәйкес, Еуро-2012 өтетін спорттық нысандарда «чемпионатты өткізу барысында темекі өнімдерін қолдануға, темекі өнімдерін және оларды пайдаланумен байланысты заттарды таратуға (сатуға) тыйым салынады».