Украина Еуропаға газ транзитін қысқартты

АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - Украина арқылы Еуропа елдеріне тасымалданған газ көлемі 2013 жылдың қаңтар-тамыз айларында өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға - до 54,4 млрд текше метрге азайды. Бұл туралы «Укртрансгаз» компаниясының ақпаратына сілтеме жасап, Росбалт хабарлады.

«Тамыз айында Еуропа елдеріне жеткізілетін газ транзиті 32%-ға - 7,1 млрд текше метрге дейін өсті», - деп айтылған хабарламада. «Укртрансгазда» 2013 жылдың басынан бастап, Украинаның газ тасымалы жүйесіне Ресейден 15,3 млрд текше метр табиғи газ жеткізілгені атап айтылуда, ол өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 6,1 млрд текше метрге немесе 29%-ға аз.

Сонымен қатар, «Укртрансгаз» орталық диспетчерлік департаментінің ақпараты бойынша, импорттаушы елдердің барлық өтінімдері толық көлемде бекітілген мерзімдерінде орындалуда.

Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте Украина өзінің жерасты газ қоймасын (ЖГҚ) толтыруды 1 қарашаға дейін 18 млрд текше метр деңгейіне дейін жеткізуге келісті. Қазіргі уақытта газ өндіруді қаржыландыру жөнінде Ресей жағымен келіссөздер жүргізілуде.