Сапар аясында болған мәжілістің қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. «Құжатта арадағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту жөніндегі шаралар белгіленді және украина ғарышкерін ресейлік кемемен ғарышқа аттандыруға дайындау және Халықаралық ғарыш стансасының ресейлік сегментіндегі ұзақмерзімдік жұмысқа оның атсалысуы туралы мәселелерді зерделеу туралы тапсырмасы берілді», делінген агенттіктің ақпаратында.
15:57, 18 Қазан 2010
Украина Халықаралық ғарыш стансасына өз ғарышкерін жөнелтпек
АСТАНА. Қазанның 18-і. ҚазАқпарат - Украина Халықаралық ғарыш стансасының ресейлік сегментіне өз ғарышкерін жөнелтпек. Бұл туралы Украинаның Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі РФ Федералдық ғарыш агенттігінің басшысы Анатолий Перминовтың қазанның 12-14-інде Украинаға жасаған сапарының қорытындысы бойынша мәлім етті, деп хабарлайды РБК агенттігі.