Украина хоккейден әлем чемпионатын өткізуден бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина хоккей федерациясының атқарушы комитеті 2015 жылы бірінші дивизионның А тобында хоккейден әлем чемпионатын өткізуден бас тарту шешімін қабылдады, деп хабарлады РБК.

«Өкінішке қарай, біз Донецктегі хоккейді тамашалауға келетін шетелдіктерді елдегі саяси қысымнан қорғап қаламыз деп айта алмаймыз. Сондықтан хоккейден әлем чемпионатын өткізу ұсынысымызды қайтарып алу шешімін қабылдадық», - делінген Украинаның Халықаралық хоккей федерациясына жолдаған мәлімдемесінде.