Бұл туралы елдің Премьер-министрі Николай Азаров мәлімдеді, деп жазады "Известия" газеті.
«Қазір бізге ақша керек емес. Егер керек болса - демек, біз Вашингтонға барып, нақты талап қоямыз, кредиторлар бізге қойған талапты орындай отырып, ол траншты аламыз. Траншты алуға ешқандай кедергі жоқ», - деді Азаров.
Сонымен бірге ол Киев ХВҚ-мен ынтымақтасудан бас тартпайтынын атап өтті.
2011 жылдың жазында ХВҚ Украинаға 15,15 млрд. доллар көлемінде кредит бөлуге шешім қабылдады. Киев жалпы сомасы 3,4 млрд. доллардан асатын екі транш алып үлгерді. Дегенмен соңғы уақытта қормен ынтымақтастық тоқтап қалды, өйткені халықаралық кредиторлар Украинаға бірқатар, атап айтқанда бюджет тапшылығын қысқарту, зейнеткерлік жасын ұлғайту және халыққа газ бағасын қымбаттату сияқты талаптар қойды.