Украина Қауіпсіздік қызметі арнайы қызметпен бірлесіп осы жылы наурызда содырды қолға түсірген. Бұдан бұрын лаңкес Қазақстан аумағында бірнеше ауыр қылмыс жасап, Түркия арқылы Сирияға қашып кеткен. Сол жерде «Ислам мемлекеті» содырлары қатарына барып қосылған. 2014 жылғы ақпан айының басында оны Сирияға шекаралас ауданда Түркия құқық қорғау органы қызметкерлері ұстады. Алайда, ол қамаудан қашып шығып, жалған құжатпен Украинаға жеткен. Қазір содыр Қазақстан Республикасына экстрадацияланды, енді қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.
11:46, 23 Маусым 2015
Украина «Ислам мемлекеті» жетекшілерінің бірін Қазақстанға қайтарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерпол желісі бойынша террорлық ұйымның мүшесі ретінде халықаралық іздестіруде болған Қазақстан азаматы Украинадан экстрадацияланды, деп хабарлады «Росбалт».