«Ел аумағындағы тиісті карантиндік шектеулерді 2021 жылдың 28 ақпанына дейін ұзартуды ұсынамыз. Онымен қоса, әлі де күшін жоғалтпаған төтенше жағдай режимі, сондай-ақ 28 ақпанға дейін ұзартылады. Біз ұсынып отырған шектеулер еліміздің бүкіл аумағы еніп отырған «қызғылт сары аймақ» шектеулеріне сәйкес келеді», - деді Денсаулық сақтау министрі Максим Степанов.
Ұсынылып отырған өзгерістерге тоқталсақ: қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 23.00-ге дейін ұзартылады. Алайда, есеп айырысу операциялары 22.00-де тоқтатылады.
Қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында тұмаумен және ЖРВИ-мен сырқаттану дәстүрлі түрде артатыны ескеріле отырып, 8 қаңтар сағат 00.00-ден бастап, 25 қаңтар сағат 00.00-ге дейін қатаң карантиндік шектеулер енгізу ұсынылған.
Жаңа жыл түнінде тамақтану орындарына түнгі сағат 01.00-ге дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат берілмек.
Қалааралық және халықаралық жолаушылар қатынасын тоқтату жоспарланып отырған жоқ.
9 желтоқсандағы жағдай бойынша, Украинада коронавирус инфекциясының 845 343 оқиғасы зертханалық түрде расталған. Соның ішінде 12 585-і соңғы тәулікте ғана анықталған.