Украина Қазақстан аумағында мұнай және газ кеніштерін игеруге конкурстық негізде қатысуға дайын - В.Янукович

None
ИЕВ-АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Украина Президенті Виктор Янукович мәлімдегендей, Украина Қазақстан аумағында мұнай және газ кеніштерін игеруге конкурстық негізде қатысуға дайын.

УНИАН тілшісі хабарлағандай, бұл туралы В.Янукович қазір Киевте екі мемлекеттің ресми делегациясының қатысуымен өтіп жатқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі барысында мәлімдеді.

«Украина мұнай және газ кеніштерін (Қазақстан территориясында - УНИАН) игеруге қызығушылық танытып отыр. Оны жүзеге асыру үшін сізден бізге жағдай туғызуды сұраймыз - қазіргі заманғы тендерлік жағдайда біз бұл қатынастарды дамытуға дайынбыз», - деп өзінің ұстанымын жеткізді В.Янукович.

Энергетика саласындағы байланыстардың тақырыбын жалғастырған мемлекет басшысы атом энергетикасының маңыздылығын да атап өтті.

«Бұл мәселе, біздің ойымызша, Украина, Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынастарын құру жағынан алғанда болашағы өте зор мәселелердің бірі», - деп атап өтті Украина Президенті.