«Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігі 2019 жылы Украинаның мемлекеттік бюджеті есебінен 40 грант бөлінгенін хабарлайды. Ол гранттар Қазақстан азаматтарын Украинаның жоғарғы оқу орындарында техникалық, экономикалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша оқытуға арналған», - деп хабарланды Украинаның дипломатиялық өкілдігінен.
Айта кетейік, оның ішінде 30 грант - «бакалавр», 10 орын - «магистр» дәрежесіне бөлінген. Үміткерлер құжатты Украинаның білім және ғылым министрлігіне 2019 жылдың наурыз айына дейін өткізу керек. Украина тарапы стипендианттарды тегін оқумен, сондай-ақ даярлық бөлімшелерімен, жатақханадағы тегін орынмен, Украинаның заңнамасына сәйкес медициналық қызметпен қамтамасыз етеді. Академиялық шәкіртақы «бакалавр»/«магистр» дәрежелері бойынша оқу барысында төленеді.
Толығырақ ақпаратты мына сілтемеден білуге болады.