Бұл туралы Украина министрлер кабинеті Хатшылығының ақпарат және қоғаммен байланыс департаменті хабарлады.
Украина үкімет басшысының айтуынша, тараптар Украинаның Кеден одағымен (Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы Кеден одағы) ынтымақтастық жайын талқыға салады, бұл мәселе бүгін Украина және Ресей Федерациясы президенттерінің кездесуінде де қаралады деп күтілуде.
«Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарды Украина президенті Виктор Янукович Ресей Федерациясының басшысы Дмитрий Медведевпен талқылайды»,- деп атап өтті Украина премьер-министрі Николай Азаров.
Оның атап өтуінше, Украина Кеден одағымен ынтымақтастық жөнінде бірқатар келісімдерге қол қоюға мүдделі.