деп хабарлайды РБК агенттігі «Известия» газетіне сілтеме жасап.
Мәскеуге «көгілдір отын» бағасына жеңілдік алу үмітімен келген Виктор Янукович Д.Медведевпен бірлесіп берген баспасөз мәслихатында: «Бұл мәселенің шешімі бойынша жауапты біз тез таба қоямыз деп ойламаймын», - деді. Өз кезегінде Д.Медведев, бұл мәселенің шешімі таразы басында жатқанын айтты. «Бүкіл Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігі Ресей мен Украинаның арасындағы қарым-қатынасқа тәуелді екенін біз жақсы түсінеміз», - деген Ресей Президенті: «Украина бюджетінің де Ресеймен арадағы энергетикалық ынтымақтастыққа байланысты екенін жақсы түсінеміз» , - деді. Басқаша айтқанда, бұл мәселе украина экономикасы үшін аса маңызды.
Д.Медведев Ресей де, Украина да «орнықты және теңгерімді» дами алатындай мәмілеге келуді ұсынды. «Біз өз кезегімізде, Украинаны Кеден одағының және Біртұтас экономикалық кеңістіктің құрамында көргіміз келеді», деп мәлім етті Д.Медведев.
Ресей мұнайын Киев үшін тиімді шартпен Украина арқылы транзиттеуді арттыру туралы келісімге келгеннен кейін В.Янукович, Украинаның Кеден одағына қосылу перспективасы туралы пікірін білдірді. Оның айтуынша, «бұл мүмкін», бірақ оған кедергі болатын процедуралар бар, ол парламентте де шешімін тауып қалуы мүмкін немесе жалпыхалықтық референдумға шығарылуы ықтимал конституциялық өзгертулер енгізу керек».