Бұл туралы Украина президентінің кеңесшісі- Президент Әкімшілігі халықаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бас басқарманың жетекшісі Андрей Гончарук мәлімдеді.
Біз Кедендік одақпен, Еуразиялық экономикалық қауымдастықпен ықпалдасу мүмкіндіктерін іздестірудеміз, әрине, біздің өзге бірлестіктердегі ынтымақтастығымызға проблема туындатпайтындай, сондай-ақ ДСҰ аясында талаптарымызға сәйкес келетіндей», - деп атап өтті баспасөз мәслихатының барысында А. Гончарук.
Оның сөзіне сүйенсек, вице-премьер-министр Юрий Бойко жетекшілік ететін тиісті жұмыс тобы Украина әріптестерімен бірге екі жақты деңгейде құжат әзірледі. Ол Украина президенті В. Януковичтің 28-29 мамыр күндері Астанаға жұмыс сапары барысында талқыланады деп жоспарлануда.