Украина: Киев метросындағы бомба жалған болып шықты

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Киев метрополитенінің «Университет» метро стансасында жарылғыш заттарды залалсыздандыру қызметкерлері бейсенбі күні жарылғыш затқа ұқсас, күдікті затты залалсыздандырды. Бақытқа орай, ол жарылғыш зат болмай шықты,

деп хабарлады Укринформ.

Астаналық милиция бас басқармасынан хабарлағандай, белгісіз затты заласыздандыру арнайы роботтың көмегімен жүзеге асырылды. Қағаз қалтаның ішінен ұялы телефон мен бір бума сым табылды.

Милиция қызметкерлері хабарлағандай, осылай әзілдегісі келген адам Украинаның Қылмыстық кодексінің 296-бабы - «Бұзақылық» бойынша жауап береді.

Еске сала кетсек, кеше кешкісін «Университет» метро стансасы жолаушылар үшін екі сағаттай уақытқа жабық болды, барлық пойыздар стансаға тоқтамай өтіп отырды.

Кешкі 17.40 кезінде метроның милиция қызметкері эскалаторлардың арасынан ішінен сымдары шығып тұрған «Макдональдс» қалтасын тауып алды. Осыған байланысты жүздеген жолаушы мен метро қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарылып, жедел-тергеу тобы мен жарылғыш заттарды залалсыздандыру тобы шақырылды.