Украина мен Белоруссия 2011 жылға екіжақты сауда-экономикалық даму жоспарына қол қойды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Украинаның бірінші Вице-премьер-министрі - Экономикалық даму және сауда министрі Андрей Клюев және Беларус Премьер- министрінің бірінші орынбасары Владимир Семашко Киевте өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша 2011 жылға украинa-беларус сауда-экономикалық дамуы жөніндегі біріккен іс-шаралар жоспарына қол қойды, - деп хабарлайды РБК.

Тараптар екіжақты сауда қатынастарын оңтайландыру және түрлі шектеулерді жою жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыруды жоспарлап отыр. Құжатта екіжақты келісім аясында жеткізілетін өнімдердің кеңейтілген тізімдері мен ғылыми техникалық кооперация өндірісі туралы, сондай-ақ, осындай үшінші елге шығарылатын кооперация бағдарламасын әзірлеу мәселелері талқыланды.