Украина мен Қазақстанның ұстанымы бір-біріне жақын және нығайып келеді - Леонид Кожара Бақытжан Сағынтаевпен кездесуде

None
АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев қазіргі ЕҚЫҰ-ның төрағасы, Украинаның Сыртқы істер министрі Леонид Кожарамен кездесті, деп хабарлады ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екі жақ Қазақстан және Украинаның екіжақты ынтымақтастығының болашағы туралы сөз қозғады және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның ағымдағы жағдайын талқылады.

Кездесуде Бақытжан Сағынтаев біздің мемлекеттеріміздің арасында түсіністік пен сенім дәстүрлі түрде даму үстінде деп атап өтті. Киев - ТМД және Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық серіктес. Сындарлы диалог пен нақты келісімдердің арқасында біздің мемлекеттер жаңа деңгейдегі екіжақты ынтымақтастыққа қол жеткізді, деп атап өтті Қазақстан Республикасының бірінші вице-премьері.

Леонид Кожара Украина мен Қазақстанның өңірлік және халықаралық саяси көптеген проблемалар жөніндегі ұстанымдары жақын екенін, сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясында нығайтуды жалғастыруда деп атап өтті. Біздің мемлекеттер арасындағы жан-жақты және белсенді ынтымақтастық жоғары және биік деңгейлі жүйелі түрдегі сапарлар мен қорытынды құжаттардың маңызды көлемімен нығайтылуда
.
Кездесудің қорытындысы бойынша халықаралық күн тәртібінің ауқымды мәселелері туралы пікір алмасу өтті.