Украина мұз дәуірін бастан кешіруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның 400-ден астам қаласы мен елді мекені жарықсыз қалды. Бұл ақпаратты елдің төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметі таратып отыр.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, елдің 9 өңірінің тұрғындары жылусыз әрі жарықсыз қалды. Электр энергиясының ажырауына қалың жауған қар салдарынан электр желілері сымдарының үзілуі себеп болуда. Бұған қоса, Украинаның бүкіл аумағын қамтыған қатты сарышұнақ аяз да ахуалды одан ары қиындатып отыр.