Украина өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы мен KAZNEX Invest ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
21:59, 14 Қыркүйек 2010
КИЕВ-АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Украин өнеркәсіпшілері және кәсіпкерлер одағы мен KAZNEX Invest Ұлттық экспорт және инвестициялар жөніндегі агенттігі бүгін Киевте украин-қазақстан бизнес-форумында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Сондай-ақ «Брацлав» ЖАҚ және «Брацлав- КZ» ААҚ арасында мал шаруашылығы саласы үшін Қазақстан аумағында жабдықтар өндірісі саласындағы техникалық ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды.
«Соңғы 2 жылда Қазақстан мен Украина арасындағы сауда айналымы біршама төмендеп кетті. 2005 жылдан бері Украина мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 30 пайызға азайды. Бұл экономикалық дағдарыс салдарынан болды. Біз бүгін қол қойылған украиндық және қазақстандық кәсіпорындар арасындағы келісімдер бұл жағдайды жақсартады, деп сенеміз», - деді Украина өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының басшысы Анатолий Кинах.