Украина парламенті президенттік сайлауды 2010 жылғы қаңтардың 17-сіне тағайындады

АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - Украина Жоғарғы Радасы бүгін елдегі келесі президенттік сайлаудың күнін - 2010 жылғы қаңтардың 17-сіне тағайындады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап. Бұл шешім үшін қажетті 226 дауыстың орнына 399 депутат жақтап дауыс берді.

Конституцияға сәйкес президент сайлауы оның өкілеттігінің бесінші жылының соңғы айындағы жексенбіге тағайындалады, бұл 2010 жылғы қаңтардың 17-сіне келіп тұр. Сайлаудың дәл күнін парламент белгілейді.