Бұл жөнінде журналистерге «Слуга народа» фракциясының мүшесі, депутат Александр Качура хабарлады.
«Иә, бүгін оның өтініші бізге келіп түсті», - деп атап өтті Качура.
Айта кетейік, бұған дейін ел президенті Владимир Зеленский «Слуга народа» фракциясының отырысында Украина премьер-министрі Алексей Гончарукты отставкаға жіберіп, оның орнына Денис Шмыгальды тағайындауды ұсынған еді.
Ол жайында Александр Качура өзінің Telegram парақшасында жазған.
Қоса кетейік , «Слуга народа» депутаттық фракциясы 3 наурыздағы отырысында Алексей Гончаруктың өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде журналистерге халық депутаты Александр Дубинский хабарлады.