09:18, 08 Маусым 2009
Украина премьер-министрі Ю.Тимошенко президенттік сайлауға түсу ниетін ресми мәлім етті
КИЕВ. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат – Украина Премьер-Министрі Юлия Тимошенко президенттік сайлауға түсу ниетін ресми мәлім етті.
Бұл туралы премьер-министр ханым кеше Украина халқына жасаған ресми үндеуінде айтты. «Мен президенттік сайлауға түсемін және жеңіске жетемін! Украина саясатының әйтеуір бір кезде таза және әділ болатынына мен сенемін. Билік күшті және адал болады», деп мәлім етті Ю.Тимошенко. ҚазАқпарат бұл туралы «РБК Украина» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.