Украина Премьер-министрі отставкаға кетті

Фото: Facebook Дениса Шмыгаля

АСТАНА. KAZINFORM – Украина Премьер-министрі отставкаға кету туралы өтінішін берді. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды ТАСС.

«Украина Премьер-министрі қызметінен кетуімді өтінемін», – делінген 15 шілдеде жарияланған жазбада.

Жоғарғы Рада министрлерді қызметінен босату мәселесін сәрсенбі күні қарайды. Ал жаңа үміткерлерге қатысты дауыс беру 17 шілдеге жоспарланған.

Ол 2020 жылғы 4 наурыздан бастап премьер қызметін атқарып келеді. Әскери жағдайға байланысты оның қызмет мерзімі Украина тарихындағы ең ұзақ кезең болды – бес жылдан астам.

14 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленский вице-премьер – экономика министрі Юлия Свириденконы үкімет басшысы қызметіне ұсынғанын айтты. Алайда, Конституцияға сәйкес, премьер-министр лауазымына үміткерді парламенттегі көпшілік ұсынуы тиіс. 

Сол күні Зеленский Шмыгаль премьерлік қызметтен кеткеннен кейін елдің қорғаныс министрі болатынын мәлімдеді.

Қазіргі қорғаныс министрі Рустем Умеровтың АҚШ-тағы елші қызметіне ауысуы жоспарлануда.

Соңғы күндері украиналық басылымдар Умеровтың отбасы АҚШ-та тұратынын жиі жазып жүр.

Трамп Украинаға америкалық қару жеткізілетінін мәлімдеді.