Украина президенті отставкаға кетпейтіні туралы мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Виктор Янукович Украина территориясының аумағында қала беретіні және оставкаға кетпейтіні туралы мәлімдеді, деп жазады РБК.

Украина президенті қарсылық білдірушілерді «қарақшылар» деп атап, елдегі жағдайды Германиядағы билік басына нацистердің келу кезеңімен салыстырды.

«Мен өз елім үшін қайғырамын. Мен Украинада қаламын. Бұлар оппозиция өкілдері емес, нағыз қарақшылар. Олардың қазір қабылдаған шешімдері заңға қайшы. Мен украина халқына қастандық жасап, елдің абыройын төгіп отырған қарақшылармен ешқандай құжатқа қол қоймаймын», - деді Янукович «112-Украина» арнасына берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, ол елде қантөгіс болмауы үшін қолынан келгенінің бәрін жасаған. Ел басшысы Харьковтегі оңтүстік-шығыс депутаттарының съезіне қатысуға ниет білдіргенде оған адамдардың ізіне түсетіні туралы хабарлама келіп отырған. Сондай-ақ Янукович өзімен келіссөз жүргізген Еуроодақ өкілдерінің оның қауіпсіздігіне кепілдік бергендерін айтады.

Сонымен қатар, Янукович журналистерге Жоғарғы раданың отставкаға кеткен спикерінің ұрып-соғуға душар болғанын, қазір Донецкіге емделуге жіберілгенін жеткізді. Президент әкімшілігінің басшысы Андрей Клюев қоқан-лоққыға толы смс-хабарламалар алған. Янукович көлігіне оқ жаудырылғанын да жасырмады.

Аймақтар партиясынан партия мүшелерінің жаппай шығып жатқанына түсініктеме бере отырып, Янукович көптеген депутаттарға қысым көрсетілгенін айтты. «Бұл қысымға шыдамай, отбасылары үшін қауіптенгендер де, сатқындар да болды», - дейді ол. Президенттің пікірінше, Аймақтар партиясының 1,5 млн. мүшесінің тек 500 мыңы ғана одан шығып кете алады. Сондай-ақ ол партияның ел бойынша 500-ге жуық кеңсесіне өртке шалдыққанын хабарлады. Айта кетейік, Янукович Харковьке 21 ақпан күні кешке ұшып кеткен болатын. Онда елдің оңтүстік-шығыс өңірінің халық депутаттарының съезі өтті. Съезде резолюция қабылданды, оған сәйкес елде конституциялық тәртіп пен орнықты билік орнағанша жергілікті өзін-өзі басқару органдарына билік өкілеттілігі берілмек.