Өткен аптада елдің Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Раиса Богатырева тұмау індетіне байланысты елде төтенше жағдай енгізілу мүмкіндігін жоққа шығармаған еді. Ел Конституциясында пандемия жағдайында төтенше жағдайдың енгізілуіне рұқсат етілген. Төтенше жағдай кезінде сайлау өткізуге тыйым салынады. Ал 2010 жылы қаңтардың 10-ында Украинада президенттік сайлау өтуі керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
«Президент, эпидемияның таралуы Украинада төтенше жағдай енгізуге әкелмейтінін және сайлаудың өткізілу мерзіміне әсер етпейтінін айтып сендірді», - делінген мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бүгінгі күнгі жағдай бойынша, елде 1 миллионнан астам адам тұмаумен ауырып жатыр, 174 адам көз жұмды.