Украина, Ресей мен Қазақстан ядролық отынды бірлесе шығаратын болды - В.Янукович

None
КИЕВ-АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Украина атом электр стансылары үшін отын өндіру жөніндегі ресейлік-қазақстандық жобаға қосылатын болды. Осындай уағдаластық туралы бүгін президент Виктор Янукович Киевте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер аяқталғаннан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында хабарлады, деп хабар таратады Укринформ.

«Біз Украинаның ядролық отынды өндіру жөніндегі базаны дамытуға араласатыны туралы уағдаластық. Бұл база бірнеше жыл бойына Қазақстан мен Ресейде бірлесе даму үстінде. Украинаның осы уақытқа дейін оған еш қатысы жоқ еді», - деді В.Янукович.

Сонымен қатар, В.Янукович осы мәселеге қатысты Ресей президенті Дмитрий Медведевпен алдын ала келісім жасалғанын да тілге тиек етті. «Бүгін осы мәселеге қатысты үшжақты келісімнің бар екенін айтуға болады, енді Ресей, Қазақстан мен Украина тең дәрежеде, әрқайсысы 33 пайызға ие және әр тарап та осы жобадан өз үлесін алады», - деп мәлімдеген В.Янукович, осы бағыттағы байланыстардың үш мемлекетке де тиімді екендігін нақтылай түсті.

Президент атап өткендей, әңгіме осы жобаны жүзеге асыруға қатысты болып отыр. Соның ішінде Украина аумағында ЖЖМ үшін отын өндіретін зауыттардың бірінің құрылысы басталады.