Украина ресейлік ер азаматтардың келуіне шектеу қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина 16-60 жас аралығындағы ресейлік ер азаматтардың келуін шектеді, деп хабарлайды Укринформ агенттігі.

Бұл туралы Мемлекеттік шекара қызметінің төрағасы Петр Цигикал қорғаныс қабілеттілігі жөніндегі жиын кезінде айтты.