Бірнеше шахтер із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады Украинаның Көмір өнеркәсібі министрлігінен.
Жарылыс кезінде шахтада 100-ге жуық адам болған. Жарылыс 120 метр тереңдікте орын алды. Апаттың себебін анықтау үшін комиссия құрылды. Өткен жұма күні шахтаны Мемлекеттік кен өнеркәсібін қадағалау инспекторы тексеріп кеткені, ол кезде шахтада газдың табылмағаны мәлім етіліп отыр.
Киров атындағы шахтада бұған дейінгі оқиға 2007 жылы орын алған еді, ол жолы шахтаның төбесі құлап кетіп, үш шахтер із-түзсіз жоғалған. Кейіннен құтқарушылар оларды құтқарады, бірақ кеншілердің біреуі алған жарақаттан келесі күні көз жұмған еді.