Украина ШЫҰ-ға байқаушы болғысы келеді

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Украина Шанхай ынтымақтастық ұйымына байқаушы болғысы келеді, бұл орайда РФ оның осы ұйымдағы әріптестерінің бірі болғанын қалайды. Бұл туралы Украина президенті Виктор Янукович мәлімдеді.

«Біз ШЫҰ сияқты ұйымда сіз  әріптестеріміздің бірі болғанын қалаймыз, біз ШЫҰ-ға байқаушы болғымыз келеді», - деді Янукович өзінің ресейлік әріптесі Владимир Путинмен оның Бочаров қайнарындағы резиденциясында кездесуі кезінде.